USD
USD
USD

Мас күйде көлік басқарған 30-ға жуық елордалық ұсталды

Елордада үш күнде 30-ға жуық адам мас күйде ұсталды. 

Мас күйде көлік басқарған 30-ға жуық елордалық ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция31 мамыр мен 2 маусым аралығында елорда аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер» жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел профилактикалық іс-шара барысында Астана қаласында 28 жүргізуші ұсталып, медициналық куәландырудан өту үшін олар наркология орталығына жеткізілді. Оның ішінде 23 жүргізушінің мас екені расталды. Ал үш адам куәландырудан өтуден бас тартып, оларға хаттама рәсімделді. Жедел алдын алу іс-шарасына Астана қалалық Полиция департаменті патрульдік полиция бөлімшесінің 25 және 6 мотовзвод экипажы жұмылдырылды», - деп мәлім етті қалалық департаменттің баспасөз қызметінен.

Бұдан басқа, көлік құралын басқаруға құқығы жоқ 7 мотоцикл жүргізушісі анықталып, жол жүру ережесін сақтамай, мопед басқарған 2 азамат ұсталған. Жалпы, осы аралықта түрлі заң талабына қайшы әрекеттері үшін 40 көлік айып тұрағына қойылды.

Қазір оқып жатыр

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев