USD
USD
USD

Мас танысының атына несие рәсімдеген: Ақмола облысында алаяқтық жасаған күдікті ұсталды

Ақмола облысында танысына ішімдік ішкізіп, оның атына заңсыз несие рәсімдеген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. 25 маусымда Зеренді ауданының полиция бөліміне алаяқтық туралы өтінішпен жергілікті тұрғын жүгінді. Ер адам танысы оның атына банктен 2 млн теңге шамасында несие рәсімдегенін хабарлады.

Жедел тергеу іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бұрын бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Көкшетау қаласының 48 жастағы тұрғынын анықтады.

Жәбірленушінің айтуынша, 2023 жылдың желтоқсан айында күдікті әйел жәбірленушіге ішімдік ішкізіп, автокөлікпен облыс орталығына алып келген.

Көкшетауда әйел жәбірленушіге банк филиалдарының бірінде бірлескен несие рәсімдеуді ұсынды. Алаяқ әйелдің айтуынша, оған тек қатысу және бір селфи қажет болған.

Алайда кейінірек алаяқ өтініш берушіге банктік несие мақұлданбағанын айтып, сендірген. Осы фактіге қатысты полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. 

Қазір оқып жатыр

84 медаль: Қазақстан Азиадада сегізінші орын алды

Төрехан

Көк-Жайлауда 2 мыңға жуық Шренк шыршасы отырғызылды

.

Томан ауылында алғаш рет балабақша ашылады

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қорғаныс министрлігіндегі ауыс-түйіс жалғасып жатыр

Ақтаудағы сарбаз өлімі