Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Марсельде тұрғын үй құлады, зардап шеккендер бар

Францияның оңтүстігіндегі Марсель қаласының орталығында тұрғын ғимарат опырылып құлады, деп мәлімдеді 9 сәуірге қараған түні қала мэрі Бенуа Пайян, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марсельде тұрғын үй құлады, зардап шеккендер бар
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен 00.40-та болды - Тиволи көшесіндегі №17 үй қирады, ғимаратпен жанасып тұрған үйлер де жарым-жартылай құлады.

Билік оқиғаның себебі мен зардап шеккендер санын анықтауда. Жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды. Кем дегенде екі адам жеңіл жарақат алды, деп жазады La Provence.

Пайян оқиға орнындағы іздестіру жұмыстарына қирандылардан шыққан өрт кедергі болып отырғанын атап өтті. Ол сондай-ақ, үйдің опырылып құлауына жарылыс себеп болуы мүмкін екенін айтты, бірақ оның шығу табиғаты белгісіз.

Прованс-Альпі-Көкшіл жағалау аймағының префекті Кристоф Мирман да Франс Пресс агенттігіне берген түсініктемесінде қирау газ жарылысынан болуы мүмкін екенін айтты.

Куәгерлердің айтуынша, қирау алдында жарылыс болған.

Оқиға Марсельде соңғы жылдардағы ең үлкен ғимарат қирауларының бірі болды. 2018 жылдың қарашасында Марсельдегі екі ғимараттың құлауы салдарынан сегіз адам қаза тапқан.

Қазір оқып жатыр

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты

Қырғызстан тарабы жарық сөнуіне байланысты KEGOС мәлімдемесіне жауап берді

Қазақстан

Шымкентте қызды алып қашу ісі бойынша екі күдікті қамауға алынды

Заң