USD
USD
USD

Марқұм Шерзат Полаттың отбасына жаңа үй салынып жатыр

Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.

Шерзат Полат
Фото: Әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Үй құрылысын демеуші қаржыландырған.

«Асқар есімді азамат Қаржаубайдың үйін салысып жатқанын жариялағысы келмеген. Міне, батыр. Десе де, халық өз батырын білуі керек. Ал Алматы облысы әкімдігі осы құрылысты барынша қадағалап, құжаттарын рәсімдеп, аяғына дейін жеткізіп беруге уәде берді», - деп жазды Шекеев.

Үйді қазан айының ортасына дейін аяқтап бітіруді жоспарлап отыр. Осыдан кейін отбасы жаңа баспанаға көшіп кіре алады.

Естеріңізге сала кетейік, Шерзат Полаттың өлімінен кейін 2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кеткен еді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар