USD
USD
USD

Марқұм Шерзат Полаттың отбасы жаңа үйге көшті

Бұл туралы адвокат Мейірман Шекеев хабарлады.

Қаржаубай Нұрымов
Фото: коллаж

Алматы, NEGE. «Қаржаубай отбасы халыққа алғысын білдірді. Әуелі Алланың одан кейін Асқар, Асхат бауырларымыздың жомарттығының, Алматы облысы әкімдігінің қадағалап, жұмыла көрсеткен бірлігінің және қарапайым халықтың дұғасының арқасында Қаржаубай отбасына қуаныш силай алдық деп ойлаймын. Қаржаубайдың бауыры Перизатқада Алла разы болсын! Гүлбарам ханымның жүзінен куанышпен күлкі көру біз үшін сол күні бақыт болды!!! Осы қуаныштың орнауына тілектес болған барлық адамдарға Қаржаубай отбасының және өз атымнан алғыс білдіремін. Қазағымды бірлігінен ажыратпасын!», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі жазбасында. 

Естеріңізге сала кетейік, Шерзат Полаттың өлімінен кейін 2024 жылдың 12 қазанында қара жамылған отбасының үйі өртеніп кеткен еді.

Былтыр қазанның 3-інен 4-іне қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат пышақ жарақатынан қаза тапты. Қылмысқа қатысты тоғыз күдікті ұсталып, оларға «Адам өлтіру», «Адам өлтіруге оқталу» және «Бұзақылық» бабымен 62 томдық іс қозғалды. Екі айға созылған сот отырысы бойынша 5 маусым күні үкім шықты. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар