«Атқан жоқпын» – Марқұм Нұрғанат Ғайыпбаевтың күдікті Нұрқияс Ілиясовпен беттескен видеосы жарияланды

Бүгін Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне айыптау жөніндегі іс бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.
Сот отырысы барысында іс материалдары мен бейнежазбалар зерделеніп, беттестірулер жүргізіліп, куәлар, сотталушылар, жәбірленушілерден түсініктемелер алынып жатыр.
2024 жылдың 26 қазанындағы беттестірудің қысқаша хаттамасы бойынша жәбірленуші Нұрғанат Ғайыпбаев пен күдікті Нұрқияс Ілиясов арасындағы беттестіру таспасы көрсетілді.
Тергеуші: Жәбірленуші Нұрғанат Ғайыпбаев, сізге қарама-қарсы отырған күдіктіні танисыз ба? Бұрын көрдіңіз бе, араларыңызда бас араздық болды ма?
Нұрғанат Ғайыпбаев: Қазан айының 3-нен 4-не қараған түні «Қамажай» дүкенінің алдынан көрдім.
Тергеуші: Бұрын бас араздықтарыңыз болды ма?
Тергеуші: Күдікті Ілиясов сізге қарама-қарсы отырған жәбірленушіні танисыз ба?
Нұрқияс Ілиясов: Жоқ.
Тергеуші: Бұрын танитын ба едіңіз?
Нұрқияс Ілиясов: Жоқ.
Тергеуші: Бұрын көрдіңіз бе?
Нұрқияс Ілиясов: Көрмедім.
Тергеуші: Оқиға болған күні көрдіңіз ғой?
Нұрқияс Ілиясов: Көрдім.
Тергеуші: Оқиға қай жерде болды?
Нұрқияс Ілиясов: Менделеев көшесіндегі «Қамажай» дүкенінің алдында.
Тергеуші: Жәбірленуші Ғайыпбаев, қазан айының 3-нен 4-не қараған түні болған оқиға туралы айтып бере аласыз ба?
Нұрғанат Ғайыпбаев: Мен сол күні кешкі 20.00-де үйге кетіп қалдым. Кешке Қаржаубай ағам жеңгеме хабарласып, менің дүкенге келуімді сұрады. Шерзат біреумен төбелесіп қалды деп айтты. Көлікке отырып, бірден шығып кеттім. Шерзат сол жерде Дархан дегенмен төбелесіп қалыпты. Мен Дарханмен сөйлесіп: «Ақша десең, ақшаңды берейін. Емдек керек болса, емдеп берейін. Жағдайың жасап беремін. Ертең кел, ертең сөйлесейік», – деп қол алысып, келістік. Ол кетеді. Арада 5 минуттан кейін қайтадан келіп алады. Қайтадан сөйлесеміз, бәрін басына түсіндіріп айтамын. Сол кезде Hyundai Accent автокөлігі келді. Артынан Mersedes автокөлігі келеді. Бәрі көліктен түсіп, бір-бірімен амандасады. Ахмет деген баланы Абзал тартады, Нұрқияс ұрады. Сол жерде Ахметтің басы бетонға тиіп, есінен танып қалады. Мен Ахметті қолынан жұлып аламын. Бұлар маған қарай атылады. Сол жерде төбелей басталады. Мен қай жерден екенін білмеймін, Шерзат келіп қалады. Ол мені: «Нұрғанат аға, қашайық!», – деп тартады. Мен оған: «Сен қаша бер, мен қазір көремін», – деп, сол жерде қаламын. Бауырым 10 метр жер жүгіріп барады да, бауырым отыра қалады. «Нұрғанат аға, маған бірдеңе тығып алды. Келші!», – дейді. Мен артқа қарай шегініп, оның қасына барамын. Барсам, аузынан қан шығып, қан құсып отыр екен. Оның қолтығының астына қолымды тығып, қай жерде жарақаты бар екенін тауып, жауып жатқаным сол еді. «Жігіттер, тоқтаңдаршы! Жедел жәрдем шақырыңдаршы, өліп бара жатыр!», – деп сол жерде айқайладым. Мен басында басталмай тұрып, оның 16 жастағы бала екенін айтқанмын. Осындай жағдайда әдейі топ болып, «довивать» етуге келе жатыр. Мен Шерзатты қолтығымның астына тықтым. Қарағаным сол еді, Нұрқияс мылтықтың прикладымен Шерзаттың шекесімен бір рет ұрады, менің шекеме тепкі тиеді. Шерзаттың басы былай жылжыған кезде екінші соққы менің құлағымның жанына тиеді. Мен сол жерде талып қалдым.
Тергеуші: Сіз оқиға орнында мылтықтың атылғанын естідіңіз бе?
Нұрғанат Ғайыпбаев: Бір рет атылғанын естідім.
Тергеуші: Кім атқанын көрдіңіз бе? Мылтықты кімнің қолынан көрдіңіз?
Нұрғанат Ғайыпбаев: Нұрқиястың қолынан көрдім.
Тергеуші: Ең басында Ахмет деген жігітті кім ұрды?
Нұрғанат Ғайыпбаев: Нұрқияс ұрды.
Тергеуші: Сізге дүкеннің алдында бізге атылып жатты дедіңіз, сол кезде нақты Нұрқиястың әрекетін айтып бересіз бе?
Нұрғанат Ғайыпбаев: Оның сол жердегі әрекеті былай болды: маған атылады. Шерзат кетіп қалады артынан. Қолында пышақ болды, оны екі рет сермеді. Тиген жоқ, өйткені оның алдында Абзалдікі тиді, күртешемді жыртып кетті. Мен құлап бара жатқан кезде Шыңғыстікі тиді. Бұл баланың негізгі ойы соңына дейін «довивать» етуге келді.
Тергеуші: Сізге соққысы тиді ме?
Нұрғанат Ғайыпбаев: Тиген жоқ.
Тергеуші: Күдікті Ілиясов, жәбірленуші Ғайыпбаевтың жауабымен келісесіз бе?
Нұрқияс Ілиясов: Келіспеймін.
Тергеуші: Өзіңіз айтыңызшы, қай жерімен келіспейсіз?
Нұрқияс Ілиясов: Ұрды дегенімен, пышақпен дегенімен және мылтықты менде дегенімен...
Тергеуші: Оқиғаны басынан айтып беріңізші?
Нұрқияс Ілиясов: Біз досымыз екеуміз кафеде отырдық. Екі қызды – Дана мен Эльмираны шақырдық, олар келді. Абзал, артынша Азамат пен Шыңғыс, одан кейін Нұрбол келді. Өзіміз демалып отырдық. Сосын Нұрбол кетіп қалды, оның кеткенін байқамадым. Кафе жабылды, біз шықтық. Ктейік деп тұрғанда, Азаматқа ағасы Нұрбол хабарласты. Азамат бізге Нұрболды ұрып кетіпті, барып келейікші деді. Менделеева көшесіндегі дүкенге бардық. Мен, Равиль, Эльмира, Дана, Шыңғыс, Азамат Mersedes кабан автокөлігімен сол жерге жеттік. Көліктен түстім, дүкен алдында 7-8 бала тұр екен. Қастарына бардым. Мен не болғанын сұрап едім, бәрі сөйлесуге келмейді, боқтап, ерегесіп тұрды. Сол сәтте әкесі дүкеннен пышақ ұстап шықты. «Кетіңдер!», – деп боқтап айтты. Мен оған: «Тарт анауыңды», – дедім.Сол сәтте маған соққы тиды. Артқа екі қадам шегіндім. Мылтық атылды, қарасам мына бала (Нұрғанат Ғайыпбаевты нұсқап – ред.). Атқаннан кейін оқтап үлгермейтін шығар деп тұрғанымда, тағы атты. Мен бір орнымда қатып қалдым. Үшінші рет оқтап алды. Артқа қарай қашты екеуі. Екеуі кетті, мен ағаштардың арасымен атып жібермесін деп қорғанып бардым. Сол сәтте ана бала құлады, бұл мылтықты астына қойып, баланы ұстап жақтан кезде жүгіріп барып, мылтықты астынан жұлып алдым. Мен Нұрғанатты 3-4 рет желкесінен ұрдым. Шерзатты ұрған жоқпын. Жедел жәрдем шақырып айғайлады, мен мылтықты алдым да кетіп қалдым.
Тергеуші: Мылтықты қайдан алып шыққанын көрдіңіз бе?
Нұрқияс Ілиясов: Көрген жоқпын, ары трасса жақтан келді.
Тергеуші: Қолыңызда пышақ болды ма?
Нұрқияс Ілиясов: Болған жоқ.
Тергеуші: Басқа қосарыңыз бар ма?
Нұрқияс Ілиясов: Қосарым жоқ.
Тергеуші: Жәбірленуші Ғайыпбаев, күдікті Ілиясовтың жауаптарымен келісесіз бе?
Нұрғанат Ғайыпбаев: Жоқ.
Тергеуші: Өз жауабыңызда қаласыз ба?
Нұрғанат Ғайыпбаев: Иә.
Тергеуші: Мылтық атты, дегенімен келісесіз бе?
Нұрғанат Ғайыпбаев: Мүлдем келіспеймін.
Нұрқияс Ілиясов: Жігітше аттың ғой, мойындасаңшы?
Нұрғанат Ғайыпбаев: Атқан жоқпын.
Нұрқияс Ілиясов: Аттың ғой...
Нұрғанат Ғайыпбаев: Атқан жоқпын. Мен сол кезде саған 16 жастағы бала деп ескертіп тұрып айттым.
Нұрқияс Ілиясов: Мен сенімен сөйлескен де жоқпын ол кезде.
Жәбірленушінің адвокаты: Мылтық кімде болды?
Нұрқияс Ілиясов: Нұрғанатта болды.
Жәбірленушінің адвокаты: Ал сосын...
Нұрқияс Ілиясов: Мен алып кеттім.
Жәбірленушінің адвокаты: Неге алып кеттіңіз? Ол сіздікі емес қой...
Нұрқияс Ілиясов: Алып кеттім.
Жәбірленушінің адвокаты: Неге?
Нұрқияс Ілиясов: Алып кеттім сол.