USD
USD
USD

Марқұм банкир Бақыт Ибрагимнің үйі аукционға қойылды

Марқұм банкир Бақыт Ибрагимнің үйі аукционға қойылды. Тиісті хабарландыру e-qazyna.kz порталында жарияланған.

Бақыт Ибрагим
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Алматы, NEGE. Мүлікті мемлекеттік активтер департаменті иеліктен шығарды. Сауда-саттық 2025 жылдың 26 ​​наурызында басталады. 

Бақыт Ибрагим
Бақыт Ибрагим, Фото: ғаламтордан

Бақыт Ибрагим 2024 жылы 14 наурызда өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды. Полиция бұл оқиғаны «Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу» бабы бойынша тергеген, бірақ қарашада қылмыстық істің жабылғаны белгілі болды.

Бақыт Ибрагим Qazaq Banki-нің бұрынғы акционері. Ол 2020 жылы Bank RBK қаражатын жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған болатын. 

sauda.e-qazyna.kz
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Аукционға қойылған нысан коммуналдық меншікке қабылданып, 2024 жылғы 23 ақпандағы Алматы әкімдігінің қаулысына сәйкес, қаланың коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының балансына берілді. Ол Бостандық ауданындағы Қарғалы ықшамауданында, 2-көше, 48-үй мекенжайында орналасқан. Жалпы ауданы 553,6 шаршы метр, сонымен қатар 0,14 гектар жер учаскесі мен қосымша шаруашылық құрылыстары да бірге сатылады.

Аукцион
Фото: sauda.e-qazyna.kz

Объектінің жалпы құны – 460,6 миллион теңге. Сауда 5 наурызда басталады, кепілдік жарнасы – 69 миллион теңгеден асады. Ғимарат 2011 жылы салынған. Ауласында бассейн орналасқан, ал гаражда бірнеше автокөлік бар.

Алматы мемлекеттік активтер басқармасының мәлімдеуінше, коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіруден түскен қаражат жергілікті бюджетке жіберіледі.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский