2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Марихуана сатқан тұрғын ұсталды

Ленгір қаласы тұрғындарының бірі есірткі сататыны туралы Төлеби АПБ-нің кезекші бөлімге ер азамат арыз түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Марихуана сатқан тұрғын ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Төлеби АПБ-нің кезекші бөліміне ер азамат арызданып, Ленгір қаласы тұрғындарының бірі есірткі таратумен айналысатынын хабарлады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабының “есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату” бойынша СДТТБТ-не тіркелді. Төлеби АПБ-нің полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында 6 мың теңге көлемінде есірткі сатқан күдіктіні ұстады. Ол Ленгір қаласының тұрғыны болып шықты. Айғақты зат ретінде алынған есірткі затының жалпы салмағы 40 граммнан асатын “кептірілген марихуана” екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталған күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы барын анықтауда. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға зиянды әдеттерден және есірткі тұтынудан бас тартуды ұсынады. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.
 

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур

Астана тұрғыны АИ-95 бензинін құйғаннан кейін көлігі тартпай қалғанына шағымданды

Жанар-жағармай бекеті