Марғұлан Сейсембай Зеленскийге ақыл үйрететін болды
Қазақ бизнесмені, инвестор Марғұлан Сейсембай
Фейсбук желісінде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескенін жазды. Өзінің айтуы бойынша, енді ол Зеленскийге «реформаларды ендіру, заң шығару саласының тиімділігін арттыру» бойынша ақыл үйретпек. Және ол Украинада ұзақ мерзімге қалып қоюы да мүмкін.
М.Сейсембай әлеуметтік желіде былай деп жазды: «Бүгін Украинаның президенті Владимир Зеленскиймен кездестім. Онымен және оның командасымен бір сағаттай әңгімелестік. Мен оны реформаларды ендіру процесі мен заң шығару саласының тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстарыммен таныстырдым. Оған бәрі қатты ұнады. Президент айтқандарымның бәрі қажет әрі маңызды екенін алға тартты да, мұның барлығы "кешеден" бері керек болғанын айтты. Тездетуді сұрады.
Мен жұмысқа дереу кірісуге уәде еттім. Сол себепті алдағы уақытта Қазақстаныма орала алмаймын. Осы жерде ұзақ уақытқа қалып қоятынымды сезіп тұрмын. Жұмыс көп, қызық әрі біраз тер төгуді қажет ететін жұмыс.
Зеленский маған адам ретінде қатты ұнады. Ашық, тартымды, сыпайы екен. Адамды өте мұқият тыңдайды. Елі үшін жаны қатты ашиды.
Ара-арасында Украинадағы өмірімнен жазбаларды жариялап отыратын боламын. Қазір көптеген тұрмыстық шаруаларды шешіп, жұмысты жоспарлап, команда жинау керек.
P.S. Жазылмандарым мен достарымнан жұмысымды саясиландырмауды сұраймын, былай да бот фермалары мен аноним телеграм-каналдар қозып жатыр. Мен мұнда Украинаға жәрдемдесем. Түрлі-түсті революцияларды экспорттау, оппозициялық әрекет туралы сөз болып отырған жоқ. Мен бұл жерде сүйікті ісім – процестердің тиімділігін арттырумен айналысудамын. Бұл мен үшін – кәсіби сынақ. Бизнесте мұны талай рет ендірдім, енді мемлекеттік аппараттың жұмысына ендіргім келеді».
Естеріңізге сала кетейік, бүгін қоғамдық белсенді Мұхтар Тайжан да әлеуметтік желіде Марғұлан Сейсембайға қатысты пост жариялап, оны сотқа бергенін мәлімдеген болатын.
Қазір оқып жатыр
«Жасанды тыныс алу аппараты болмаған»: Қарағандыда бүлдіршіннің өліміне қатысты тексеріс жүргізіледі
Алматының Әл-Фараби даңғылында жарыс ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Астанада Умраға жоқ жолдаманы сатып, 17 қажыны алдаған алаяқ сотталды
Астанадағы өрт салдарынан қаза тапқан 3 баланың анасы есін жиды