USD
USD
USD

Марғұлан Сейсембайдың қыр соңына түсіп алған кімдер?

Танымал бизнесмен Марғұлан Сейсембайдың айтуынша, соңғы кездері желілерде ол туралы даурықпа әңгімелер жүр. «Менің қандай жаман, өтірікші, нашар адам екендігім турасындағы материалдар таратылуда. Қысқасы, сырты бүтін, іші түтін адам болып шықтым», – дейді ол.

Марғұлан Сейсембайдың қыр соңына түсіп алған кімдер?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Марғұлан Сейсембайдың сөзіне қарағанда мұның бәрін ақшаға сатылатын белсенділер, блогерлер және боттары арқылы биліктегі белгілі бір адамдардың жасап отырған ісі. «Осы істе әсіресе әбден ұсақталған, жақсылықты түсінбейтін, ешнәрсені “жайдан жай” жасамайтын ақшаға сатылғыш біреуі айрықша ынтасымен ерекшеленіп отырғанын» айтады.

«Оларға өз месседжімді жеткізгім келеді. Мен саясаткер емеспін, сіздер сияқты ешқайда сайлауға түсейін деп жатқаным жоқ. Ешкімнің алдында ақталмаймын. Сондықтан сіздердің менің беделімді түсіру мақсатында жасап жатқан тірліктеріңіз маған еш әсер етпейді. Егер менің жазылмандарымнан кімде-кім осындай былапытқа еретін болса, мұндай оңбағанды оқудан бас тартсаңыз болады», – дейді кәсіпкер.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза