USD
USD
USD

Марғұлан Сейсембай Тоқаевты Nur Otan партиясынан шығуға шақырды

Танымал кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясы құрамынан шығуға шақырып отыр.

Марғұлан Сейсембай Тоқаевты Nur Otan партиясынан шығуға шақырды
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE. «Меніңше, Тоқаевтың кең қоғамдық қолдауы жоқ партия құрамынан шығып, өзін бір ғана партияның мүддесі үшін қызмет ететін төраға емес, бүкіл Қазақстанның Президенті деп жариялағаны дұрыс болар еді. Осылайша, ол ел үшін барлық партиялардың маңызы бірдей екенін білдірер еді», - дейді кәсіпкер.

Оның пікірінше, бұл қоғам үшін қарым-қатынастардың қайта жандануы, саяси жаңғырудың басталуы және Нұр Отан партиясы саяси монополиясының аяқталуының айқын белгісі болар еді. Бұл қоғамдық оптимизмге күшті серпін беріп, жарқын болашаққа деген үміттің артуына себеп болмақ.

«Президент Тоқаев дұрыс шешім қабылдайды деп үміттенемін», - деп әлеуметтік желі арқылы пікір білдірді.

Айта кететін жайт, ертең Нұр Отан партиясының ХХI съезі өткізілмек. Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі - партия төрағасын қайта сайлау. Кейбір дерек көздерінше, партия төрағасы болып Президент Тоқаев сайлануы мүмкін.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтардың 47,7%-ы спортпен айналысады: дене белсенділігінің күнделікті нормасы қандай?

Ат спорты

1 қыркүйектен бастап Алматыда көліктерді тексерудің жаңа түрі енгізіледі

техникалық тексеру

Қазақстанға 1,1 трлн теңге қайтарылды: заңсыз активтер қайда жұмсалып жатыр?

Құрылыс компаниялары

Ақмола облысында мемлекеттік қызметкер құмар ойынға 6 млн теңгедей қаржы салған

құмар ойын, онлайн казино