USD
USD
USD

Марғұлан Сейсембай Саакашвилидің серіктесі болды: «Украинаның келешегiне жұмыс істеймін!»

Белгілі кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембай Грузияның бұрынғы президенті Михаил Саакашвилимен бірге жұмыс істейтінін айтты.

Марғұлан Сейсембай Саакашвилидің серіктесі болды: «Украинаның келешегiне жұмыс істеймін!»
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Бүгiннен бастап Михаил Саакашвилидің серiктесi болғанымды ресми түрде жариялаймын. Оған көмектесе жүріп, Украинаның келешегi мен абыройы үшін қызмет етемін! Қазақстаннан кетiп жатқан жоқпын. Екi елге қатынап жұмыс iстеймiн», — деп жазды Сейсембай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ал Михаил Саакашвили қазақстандық кәсіпкерді өз аудиториясына таныстырды.  

«Қазақстандағы мыңдаған ауылдың бірінен шыққан қарапайым жігіт алпауыт бизнес-империяны жасай білді. Сөйтіп, мультимиллионер атанып, «Форбстың» ТОП-50 тізіміне енді. Марғұлан өмір бойы тыным таппай еңбек етті. Соның арқасында үлкен табысқа жетті. Өз елінде ғана емес, шетелде де инвестициялық бизнестің аңызына айналды», — дейді Саакашвили.

Ол Марғұлан Сейсембай соңғы жылдары қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүргенін атап өтті. Атап айтқанда, посткеңестік еледерді реформалау мәселелерімен айналысып келеді.

«Марғұлан Сейсембайдың бүгіннен бастап Қарапайым шешімдер мен нәтижелер кеңсесінің қызметі жөнінде ресми әріптесім болатынын қуана хабарлаймын», — деп толықтырды экс-президент.  

Оның айтуынша, қазақстандық кәсіпкер реформалар мен заң жобаларының тиімділігін көтеру мәселесіне жауап береді. Сондай-ақ, кеңсенің халықаралық қызметімен айналысады.

Белсендінің сөзінше, ол Қазақстаннан кетпейді. Екі елде бірдей жұмыс істемек ниетте. 

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Олжас Бектенов

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Бағдаршам

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

карсити

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев