USD
USD
USD

Марғұлан Боранбаев "ұлттық алауыздықты қоздырды" деген күдікпен қамалды

Блогер Марғұлан Боранбаев уақытша қамау изоляторына қамалды,

Марғұлан Боранбаев "ұлттық алауыздықты қоздырды" деген күдікпен қамалды
Фото: NEGE.kz

– деп хабарлайды zakon.kz. Оның адвокаты Әнуар Байдардың айтуынша, ол "ұлттық алауыздық қоздыру" (Қылмыстық кодекстің 174-бабы) және "конституциялық құрылысты күшпен өзгерту" (179-бап) баптары бойынша күдікке ілінген.

"Тергеу құпиялылығын сақтау туралы қолхатқа қол қойғандықтан басқа ештеңе айта алмаймын. Алайда мен қорғап отырған адамды қамауға отырғызу үшін 179-бапты жасанды түрде ұйымдастырды деп санаймын" деп жазды Байдар Facebook-тегі парақшасында.

Адвокаттың айтуынша, былтыр көктемде қозғалып, соңы "бұлыңғыр" болып кеткен іс қозғалып, оған 179-бап та қосылған.

- Ол іс бойынша соңғы рет қыркүйек айында өтініш түсіргенмін. Одан кейін соңы түсініксіз болып кетті. Тергеуші істің жүру барысын хабарламады. Тоқтатты ма, тоқтатпады ма, белгісіз болып келген еді, - деді Байдар Азаттық тілшісіне.

179-бап бойынша жеті жылға бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығын айыру жазасы қарастырылған.

Әнуар Байдардың сөзіне қарағанда былтыр алғаш рет іс қозғалған кезде жүргізілген сараптама қорытындысы Боранбаевтың әрекетінен "конституциялық құрылысты күшпен өзгерту" белгілерін таппаған. Ол былтыр тамыз айында жаңадан сараптама жүргізілгенін кеше ғана білген және оның қорытындысымен келіспей отыр.

2 қазанда Азаттық тілшісі қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласқанмен жауап ала алмады. Марғұлан Боранбаев әлеуметтік желілерде ұлттық сипаттағы жазбаларымен танымал болған блогер.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан-Қытай инвестициясы ел экономикасына қандай жаңа мүмкіндік береді?

Бауыржан Ысқақ

Храпуновтар Швейцарияда «толық ақталғанын» мәлімдеді. Алайда іс ескіру мерзіміне байланысты жабылған

Виктор Храпунов, Лейла Храпунова

Шымкентте күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел адам қамауға алынды

Полиция

Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу тәртібі өзгереді: Құрылтай жаңа заң жобасын қабылдады

мұғалімдердің жеке дерегі