USD
USD
USD

Марченко жаңа қызметке тағайындалды

Еуразиялық даму банкі басқарма төрағасының кеңесшісі қызметіне Григорий Марченко тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марченко жаңа қызметке тағайындалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Григорий Марченко 1959 жылдың 26 желтоқсанында Алматы қаласында дүниеге келген. Ол 1999-2004 және 2009-2013 жылдары Қазақстанның Ұлттық банкін басқарған. Ал 2005-2009 жылдары аралығында «Қазақстанның халықтық жинақ банкі» АҚ-ның басқарма төрағасы болған. Әр жылдары ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі және көмекшісі, ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымдарында қызмет еткен. 2013 жылдан бері тәуелсіз сарапшы болып жүр. Григорий Марченко «Парасат», «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», Испанияның Orden del Mérito Civil «Азаматтық еңбегі үшін» ордендерімен марапатталған. Сонымен қатар ол Испания корольдігінің Алматы қаласы мен Алматы облысындағы құрметті консулы.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы