Марат Омаровтың есімі Голливудтағы «Даңқ аллеясына» жазылды
Белгілі композитор бұл жаңалығын ФБ парақшасында бөлісті.
Алматы, NEGE. Отандасымыздың жұлдызы американдық әнші Лоу Роулздың жұлдызына жақын орналасқан.
Айта кетейік, 2021 жылдан бастап Марат Омаров Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымына көмек көрсету қауымдастығының мәдениет жөніндегі кеңесшісі болып табылады. Осы ретте өнер иесі әлемдік жұлдыздармен бірлесе түрлі науқандарға қатысып, береке-бірлікке шақыратын шығармалар жазып, халықтар достығын кеңінен насихаттап келеді. Дүниежүзіндегі қазақтардың басын-қосуды мақсат тұтқан әнші Америкадағы бірнеше штатта концерт беріп, ата жұртты сағынған қандастарды да қуантып жүр.
Дүниежүзілік композиторлар қауымдастығының мүшесі болып табылатын Омаровтың «Коронавирус кет-кет-кет» әні пандемия кезінде кеңінен танылғаны белгілі. АҚШ президенті Дональд Трамптың өзі Нью-Йоркте өткен қайырымдылық концертке аталмыш композициямен қатар бірнеше хит әндерін орындауға шақырған.