USD
USD
USD

Марат Омаров той өткізген шымкенттік мейрамханаға қатысты тексеру шаралары басталды

Әнші Марат Омаров той өткізген шымкенттік мейрамханаға қатысты тексеру шаралары басталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Марат Омаров той өткізген шымкенттік мейрамханаға қатысты тексеру шаралары басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицияның мәліметінше, мейрамхана қожайынына айыппұл салу мәселелері қаралуда. «Аталған жайт бойынша 12.04.2021 жылы Шымкент қаласы Тәуке хан даңғылы бойындағы Кен баба саябағында орналасқан «КАРАВАН« кафесінің иесінен түсініктеме алынып, Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына іс-құжаттар жолданды» делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілерде әнші Марат Омаровтың шымкенттік дәмханалардың бірінде отбасылық той өткізгені туралы ақпарат тараған болатын. Танымал композитордың қызы Зүлфия Омарованың ұзатылу тойының көріністерін қонақтары видеоға түсіріп, желіге жүктеп жіберген болатын.

Жұлдызды әулеттің қуанышында Сабина Алтынбекова мен Қайрат Түнтеков болғаны айтылуда.

Қазір оқып жатыр

Армения парламентінде жанжал шығып, депутаттар төбелесті

Армения депутаттары

Қазақстанда кейбір психологтар еңбек өтілінсіз жұмыс істей алады: жаңа стандарт бекітілді

Психолог

Доллар бағамы қайта өсті: теңге неге әлсіреді?

Халықаралық банктен қарыз тарту

Астанада сатып алушыларды 128 млн теңгеге алдаған автосалон директоры сотталды

Автосалондағы клиент пен сатушы