USD
USD
USD

Марат Омаров: Вирусты әнмен аластап жүрмін

– Марат

Марат Омаров: Вирусты әнмен аластап жүрмін
Фото: NEGE.kz

аға, коронавирус жайлы әніңіз желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Даттап жатқандар да, мақтаудың астына алғандар да жеткілікті. Әнді жазғандағы негізгі ойыңыз қандай болды?

– Әлемді дүр сілкіндірген бұл жағдай мені де бей-жай қалдырған жоқ. «Енді қайтпек керек» деген ой күндіз-түні мазалағаны рас. Жан-жаққа тарап жатқан бұл індет Қазақстанға келмесе екен деп ойладым. Осылай аластату мәніндегі бұл ән жарыққа шықты.

– Бұл әннің орыс және ағылшын тіліндегі нұсқасын байқап қалдық...

– Бұл екі тілде ғана емес, Франциядан, Германиядан, Қытайдан, Түркиядан әріптестерім хабарласып жатыр. Осыған бейнебаян түсірсек, болашақта қайырымдылық кештерін ұйымдастырсақ деген мәселе көтеріліп жатыр. Мен бұл әннің мұндай танымалдыққа ие болатынын білген жоқпын. Челлендж болсын деп таратып жібердік.

– Ол ойыңыз орындалған сыңайлы.

– Иә, біріншіден айтарым, қазақ – текті, жүрегі – түкті, рухы – биік, иманы күшті халықпыз. Бәріне шыдаған, мың өліп, мың тірілген халықпыз. Бірақ сонда да сақтанып, жеке бас тазалығын сақтағанымыз жөн.

– Аға, сіз жайлы желіде аз жазылып жатқан жоқ. Соның бірін айтайын. Бір азамат «М.Омаров АҚШ доллары туралы ән жазбай ма екен» депті. Не айтасыз?

– Неге жазбасқа, жазамын...

Сұхбаттың толық нұсқасын Ютубтегі «NEGE MEDIA» каналынан көре аласыздар.

Қазір оқып жатыр

Министрдің ұлы Ақмола облысында аудан басшысының орынбасары болып тағайындалды

Айсұлтан Сейпелов

Ақтау маңында жоғалып кеткен жігітті іздеуге ҰҚК сүңгуірлері мен дрондар жұмылдырылды

сүңгуірлер

Ұлытау облысында тергеушіге пара ұсынған кәсіпкер ұсталды

Пара беру

Қара теңізде Chevron танкеріне шабуыл жасалды

дрон шабуылы