USD
USD
USD

Марат Омаров АҚШ президентінің алдында өнер көрсетеді

Қазақстандық әнші-композитор Марат Омаров Нью-Йорк қаласында жеке көнцертін өткізді. Шығармашылық кеш АҚШ-тың 9 штатында ұйымдастырылмақ.

Марат Омаров АҚШ президентінің алдында өнер көрсетеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Әнші әрі композитор Марат Омаров АҚШ-тың президенті Джо Байден ұйымдастыратын қайырымдылық концертіне қатысып, пандемия кезінде ерекше танымалдыққа ие болған "Коронавирус, кет" әнін ағылшын тілінде орындайды. 

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Филадельфия қаласында алғаш рет Қазақстанның мемлекеттік туы көтеріледі. Ал Нью-Йорк, Майами, Сан-Франциско, Хьюстон және Нью-Джерси қалаларында мерекелік іс-шаралар өтеді.

Омаровты Қазақстандағы АҚШ елшілігі арнайы шақыртқан. Әнсапар желтоқсанның 28-іне дейін жалғасады. Әнші шетелде жүрсе де қазақстандықтарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

“Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын. Еліміз әрдайым ынтымақтастықты, достықты қолдайды. Мен сонау Қазақстаннан келіп отырмын. Жаңа ғана Нью-Джерси штатынан Нью-Йоркқа келдім. Жайна, Қазақстан, алға, Қазақстан!”, — дейді Марат Омаров.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев