USD
USD
USD

Марат Қарабаев: 590 мың азамат үй кезегінде тұр

Елімізде баспана кезегінде 590 мың азамат тұр. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Марат Қарабаев айтты.

Марат Қарабаев: 590 мың азамат үй кезегінде тұр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Бүгінгі таңда үйді басқару туралы шешім қабылдауда мүлік иелерінің белсенділігі төмендегені байқалады. Бұған себеп - дауыс беру рәсімінің қиындығы және электрондық қызметтердің шектеулі болуы. Осы ретте электрондық дауыс беру тәсілдерін кеңейту қажет. Бұл сервистік компанияларды таңдау рәсімін оңайлатады. Осылайша, бәсекелестік ортаны қалыптастыру және қызметтер құнының ашықтығын қамтамасыз ету арқылы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы сервистік қызметтер бағасының өсуін тежеуге болады», – деді вице-министр.

Жалпы, оның атап өтуінше, азаматтардың тұрғын үй мәселелері - өте өткір және әлеуметтік маңызды.

«Бүгінгі таңда тұрғын үй кезегінде 590 мың азамат тұр. Оның ішінде 69,3 мың әлеуметтік осал жағдайдағы азаматтар бар. Осы мұқтаж жандарды қолдау үшін оларға мемлекет қаражаты есебінен нарықтан баспананы жалға алу құнының жартысын өтеу ұсынылады. Инфрақұрылымдық жобаларды одан әрі іске асыру үшін 160 мыңға дейін жеке жер учаскесіне қажетті инженерлік инфрақұрылым жүргізіледі», - деді Марат Қарабаев.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев жойқын жер сілкінісіне байланысты Венесуэла халқына көңіл айтты

Наурыз мейрамы

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ