Референдум Референдум
USD
USD
USD

Марат Әшім Президенттің кеңесшісі қызметін атқарады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабаралады.

Марат Әшім
Фото: Ақорда

Астана, NEGE.– Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды, – делінген хабарламада.

Марат Әшім 1987 жылы Алматы қаласында туған.

2008 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша, 2010 жылы экономика және бизнес мамандығы бойынша білім алып, бакалавр дәрежелерін алған.

2010 жылы халықаралық қатынастар магистрі мамандығы бойынша ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтын тәмамдаған.

2008-2009 жылдары жеке компанияда заңгер болып қызмет атқарған.

2009 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігі әкімшілік және бақылау департаментінің атташесі болып жұмыс істеді.

2010-2012 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол қызметінің үшінші хатшысы.

2012-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің референті, сарапшысы, консультанты, инспекторы.

2017-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің сектор меңгерушісі.

2018 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметі бастығының орынбасары болып еңбек етті.

2023 жылдың 15 наурызында Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің Протокол қызметінің бастығы болып тағайындалды.

II сыныпты Төтенше және Өкiлеттi Уәкiл дипломатиялық дәрежесі бар.

«Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және басқа да мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Қазір оқып жатыр

Грузия Temu тарапынан демпинг жасалып жатқанына шағымданды

Temu

Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Ербол Хамитов

Ақтөбеде математик мұғалім ата-аналардан қомақты ақша алып, бәске тіккен

мұғалім

«Балалары үшін алаңдайды»: адвокат Жанабыловтардың шешімін түсіндірді

жанабылов