USD
USD
USD

Маралды тұрғындары алтын фабрикасының салынуына қарсылық танытып, наразылыққа шықты

8 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының жүз шақты азаматы ауыл іргесінде салынып жатқан алтын өндіретін фабрика аумағына барып, құрылысты тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Азаттық Радиосы.

Азаттық радиосы
Фото: Азаттық радиосы

Алматы, NEGE. Облыс әкімдігі ауыл тұрғындарының әрекетін "рұқсатсыз жиын өткізу" деп бағалап, "арнайы органдар құқықтық бағасын береді" деп хабарлады. Азаттық сөйлескен ауыл адамдары "облыс әкімін бірнеше күн бұрын диалогқа шақырғанбыз, бірақ келмеді" дейді.

Нарызылар фабрика аумағына әнұран айтып барды. Құрылыс жүргізуге қарсы екенін айтқан олар құзырлы органдарға бейнеүндеу жолдады.

"Бұл — кейінгі үш жылдың ішінде елін, жерін, таза суын қорғап жатқан халықтың жанайқайы. Жоғарғы жақта ашпаған есігіміз жоқ. Бәрінен түңілдік" деді жиналған қауым алдында бейнеүндеу оқыған адам.

Наразылық туралы естіген билік ауылға жасақ кіргізіп, зауыт маңын күзеткен. Жиналғандар алдына шыққан полиция өкілдері халыққа тәртіп сақтау керегін түсіндірген.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 9 мамырда таратқан ақпараты бойынша, наразылар "фабрика аумағына кіріп, материалдық шығын келтірген" және құрылысшылардың кейбірі "дене жарақатын алып" фабрика аумағынан уақытша кетіп қалған.

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі бұқаралық ақпарат құралдарына таратқан ақпаратында ауыл тұрғындарының әрекетін "рұқсатсыз жиын" деп атады.

"Аталған факт бойынша ШҚО полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тергеу іс-шараларын жүргізіп жатыр. Нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі" деп жазылған ақпаратта.

 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

.

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

жанжал ресей