USD
USD
USD

Марафонға еліміздің 30 қаласынан келген спортшылар мен әуесқойлар қатысты

Шымкентте қаламыздың басты спорттық жарысына айналған «Shymkent Marathon 2021» спорттық іс-шара өтті.

Марафонға еліміздің 30 қаласынан келген спортшылар мен әуесқойлар қатысты
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау мақсатындағы бұл шара ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.

Мегаполисте осымен бесінші жыл ұйымдастырылып отырған жүгіру марафонына Шымкент қаласының тұрғындарымен бірге Қазақстанның 30 қаласынан келген спортшылар және әуесқойлар қатысты.

Жарысқа «Ashyq» жүйесінде тіркеуден өткен қатысушылар жіберілді.

Старт «Наурыз» алаңынан басталып, Бәйдібек би және Төлеметов көшесімен өтіп, Алматы А2 трассасына дейінгі бағытты алды. Мәре «Наурыз» алаңы болды.

Қатысушылар 42, 21, 10 және 5 км қашықтықта жүгіріп өтті.

Марафонға қатысушыларды қала әкімінің орынбасары М.Исахов құттықтап, адамның дені сау болуы үшін салауатты өмір салтын ұстану қажет екенін айтты.

Жарыстың жалпы жүлде қоры 7 миллион теңге.

Байқаудың барлық қатысушыларына халықтар достығы бейнеленген медальдар табысталды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары