USD
USD
USD

Марадонаның денесіне жасалған сараптама нәтижелері белгілі болды

Аргентина футболында аңыз адамға айналған Диего Марадонаның денесін патологиялық зерттеу нәтижелері белгілі болды.

Марадонаның денесіне жасалған сараптама нәтижелері белгілі болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Clarin ақпараты бойынша, Марадонаның өліміне созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің өршуінен туындаған өкпе ісінуі себеп болған. Сондай-ақ, кеңейтілген кардиомиопатия анықталды, бұл жүрек камераларының ұлғаюына себеп болатын патология. Орган зерттеу үшін сақталатын болды. 

Осыдан біраз уақыт бұрын Аргентина прокуратурасы Марадонаның өліміне қатысты екі қылмыстық іс қозғады. Бұл адамды қараусыз қалдыру мен немқұрайды қарау баптары бойынша. 

Еске салайық, Диего Марадона 25 қарашада 60 жасында жүрек талмасынан қайтыс болды. Аргентинада үш күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланды. ХХ ғасырдың ең үздік футболшыларының бірі Буэнос-Айрестің маңында ата-анасының қасында "Хардин Белла-Вистада" жерленді.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы