USD
USD
USD

Марадона қайда жерленді?

Әйгілі футболшы Диего Марадонаның денесі жер қойнына тапсырылды.

Марадона қайда жерленді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Диегоны ақтық сапарға мыңдаған адам шығарып салды. Ол Буэнос-Айрес маңындағы зиратқа жерленген. Бұл қорымда Марадонаның ата-анасы жатыр. Екі күн бұрын Аргентина билігі аты аңызға айналған футболшымен қоштасу үшін халыққа 48 сағат берген болатын. Бірақ кезекке таласқан жанкүйерлер мен полиция арасында қақтығыс болып, қоштасу рәсімі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Естеріңізге сала кетейік, жасы 60-тан асқан Диего Марадона жүрек талмасынан қайтыс болды. Саналы ғұмырын спортқа арнаған, футболдың шыңына шығып, биік белестерді бағындырған, миллиондардың көз қуанышына айналған Марадонының енді ойын өрнегі мен қанатты сөздері дәтке қуат. Тапқырлығы мен шешендігін де паш еткен шебердің айтқаны афоризмге айналды. Мысалы, «Анам маған үнемі сен үздіксің деп отырады. Шешеге қайтып қарсы келесің» дегені әзілге де жүйріктігіне өлшем секілді. Немесе «Билікке ұмтылмадым. Ол жақта ұрлыққа баруға мәжбүрлейді. Ал менің өз халқымды тонауға құқым жоқ» дегені талайға ой салатыны анық.

Қазір оқып жатыр

Ақтаудағы МАЭК-те екі жұмысшы тұз қышқылынан күйік алды

МАЭК

Ақмола облысында колледж студенті бұрынғы сыныптасын пышақтап кеткен

мұғалімді пышақтады

Алматыда Жириновскийдің құрметіне естелік тақта орнату ұсынылды

Владимир Жириновский

Трамп Вашингтонда тілшілермен болған кешкі астан шұғыл эвакуацияланды

Трамп