Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Мәнзоров ісі: Тараптар жауап қатысты

Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Мәнзоров «Азаттық рухы» агенттігіне сұхбат беріп, өзін әлдекімдердің аяқтан шалғанын мәлімдепті.

Мәнзоров ісі: Тараптар жауап қатысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Б.Мәнзоровтың үстінен үш бірдей қылмыстық іс қозғаған. Солардың бірі – Ыбыраев және Баймахановтың арызы. Бұған қатысты Мәнзоров былай дейді: «Бұл адамдарды өмірімде екі-ақ рет көргенмін. Бұлар маған бейтаныс адамдар. Қызыммен бір сыныпта оқыған. Қызым өткен жылы олардан жер сатып алыпты. Мен ол жерді көрген де емеспін...»

Ал қалған екі қылмыстық істің мерзімі Мәнзоров Көксу ауданы әкімінің орынбасары болып жүрген кезбен тұспа-тұс келеді.

Мәнзоров өзін әлдекімдердің арандатқысы келгенін, тапсырыс түскенін мәлімдепті.

«Кім арандатқысы келгенін білмеймін. Әлдекімге керек болған ғой. Қазір біз мұны тексеріп жатырмыз. Көз жеткізіп алғымыз келеді» дейді ол.

Мәнзоровтың сұхбатынан соң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Алик Шпекбаевтың түсініктемесі де іле-шала жарияланды.

Қаз ТАГ агенттігіне түсініктеме берген А.Шпекбаев былай деді: «Біз өз ойымызды айттық, қазір алып-қосарым жоқ. Жауап күтіп (Бас прокуратурадан – ред.) отырмыз. Тиісті рәсімдер мен мерзім бар. Белгілі деңгейді сақтау керек. Орынбасар орынбасарға хат жазады немесе мен жазуым керек. Біз өз көзқарасымызды білдірдік және сол ұстанымда қаламыз».

Бұған дейін Бас прокуратура Б.Мәнзоровқа қатысты қылмыстық істі тоқтатқан-ды. Алайда бұған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі келіспей отыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА