Маньяктар. Талдықорғандық қанішер
2009 жылы күзде Талдықорғанды маньяк кезіп жүргені туралы гу-гу шағын қаланы аяғынан тік тұрғызды. Аймақтарда шындыққа жанаса бермейтін кез келген қорқынышты хабар әлемжелідегі хайптан да тез тарайтыны бар.
-
Тақырыпқа орай: Маньяктар. Коля Жұмағалиев
Жұрттың бәрінің аузында – талдықорғандық маньяк. Тұрғындар кеш бата үйінен шығудан қалды. Мұндай алыпқашпа әңгіменің шығуы да тегін емес еді. Гу-гудің лаулаған өрттей тарауына таксистер себеп болды. Өйткені соның алдында ғана таксистердің бірін өлтіріп кеткен-ді...
2009 жылы 30 тамызда жергілікті тұрғын полицияға хабарласады
Талдықорған қаласының шетінен табылған ескі «Мазданың» іші және айналасы адам қанына бөгіпті. Капотта ашылған чипсы қорабы, нан қоқымы және әйелдің үрпісі жоқ кесілген емшегі жатқан.
Криминалистер сол аумақтан аккумулятор, қосалқы дөңгелек, әйел мен еркектің киімдерін, әйел сөмкесін құжаттарымен бірге табады.
Фотолар қылмыстық істен алынды.
Ертеңінде 60 жастағы Тәңірберген Базаубақов пен 45 жастағы Ақмарал Ердінбекованың туыстары арыз түсіреді. Екі адам асқан айуандықпен өлтірілгенін бәрі түсінгенімен, көлікте де, бірнеше шақырым аумақта да өлі денелер жоқ еді. Моргтар мен ауруханалардан іздеу де нәтиже бермеген. Тергеу тығырыққа тірелгендей болды. Қылмыскердің немесе қылмыскерлердің мотиві не? Әйелдің емшегі мен үрпісін НЕГЕ кесіп алған?

Т.Базаубақов пен А.Ердінбекова жақын қарым-қатынаста болыпты. Екеуінің де отбасы, бала-шағасы болса да, қатынастарын жасыра алмаған. Бірақ бұлардың туыстарының арасында күдікті жоқ еді. Ендігі қалғаны бір болжам мынау: қылмыскердің ақыл-есі ауысқан болуы мүмкін және ол қылмысты жоспарлы түрде жасамаған.
-
Тапқырыпқа орай: Маньяктар. Алматылық адамжегіш әйелдер
Марқұмдардың телефондары екі апта бойы қосулы болған. Нөмірлерге билинг жасағанда телефондардың көлік табылған маңда болғаны анықталыпты. Бірақ телефондар табылмайды.
Бұл жерде полицейлерге телефон нөмірлерді мұқият қадағалау пайдасын тигізген сыңайлы. Марқұм әйелдің телефон нөміріне ең алдымен қызы хабарласады. Тұтқаны әлдекім көтергенімен, үндемейді. Тек ар жақта біреудің ауыр демалып тұрғаны ғана естілген.
Тағы бірнеше күннен соң марқұмның нөмірінен тағы телефон шалады, ешкім сөйлемейді. Осы сәтте жоғалған әйелдің туыстары қандай сезімде болғанын ойлап көріңізші.
Телефондар смартфон емес, кәдімгі жай телефон болғандықтан, қуаты екі аптаға шыдаған. Осы уақыт аралығында А.Ердінбекованың нөмірінен басқа абонентке қоңырау шалынып, смс жазылғаны анықталады. Ол нөмір Алматыда тұратын бір қызға тиесілі екен. Міне, осы қыз күдіктіні тауып берген.
Алғашқыда белгісіз нөмірден қоқан-лоқы жасаған хат келген, артынша қоңырау шалынып, ар жақтағы дауыс: «Енді мен сені сүймеймін!» деген. Алайда тағы бірер күннен соң «өзіңді де, күйеуіңді де өлтіремін!» деген. Бұл – әлгі қыздың Талдықорғанда бұрын бірге оқыған курстасы Ерлан Молбаев еді.
Күдіктінің әлеуметтік желідегі парақшасы.
Е.Молбаев Талдықорғанда тұрады. Еш жерде оқымайды, жұмыс та істемейді. Оқуын 3-курста тастап кеткен. Бірақ спортпен тұрақты айналысады. Алғашқыда бокспен, кейін жекпе-жекпен шұғылданған. Кейіннен спортзалға баруды тоқтатып, жеңіл атлетикамен айналысқан. Іздегендері Молбаев екеніне оперлер күмән келтірген жоқ. Бірақ оны бұлтартпас дәлелсіз ұстауға болмайды. Күдіктеніп қалса, өзін басқаша көрсетуі мүмкін. Оның үстіне жоғалған адамдардың денесі де табылған жоқ.
-
Тақырыпқа орай: Маньяктар. КазГУградтың «мейірімді» маньягы
Жедел-тергеу тобына дәлелді мықтап алу керек. Қылмыскерді іздестіру басталған сәтте Молбаев куәгер ретінде сұралыпты. Өйткені қылмыс жасалған аумақта көзге түсіп қалған. Көлік табылған жерді тағы бір тексеріп шаққан оперлер телефонды тапты ақыры. Қуаты таусылғанымен, саусақ іздері қалуы тиіс. Бірақ күдіктіні ұстауға бұл да жеткіліксіз еді. Молбаев – тепсе, темір үзетін спортшы, оны ұстау үшін қулыққа бару керек.
Е.Молбаев ортада.
Ол тұратын үйдің маңында бильярд бар еді. Молбаев сонда көп уақытын өткізетін. Осы бильярдта төбелес әдейі ұйымдастарылады, оған әрине Молбаев қатысады. Таңертең полицияға шақырғанда ол басқа нәрседен күдіктенбейді. Алғашқыда шынымен де төбелеске қатысты тергеп, артынан басқа кабинетке кіргенде, Молбаев бәрін баяндап берген.
Ең алғашқы сөзі мынау болыпты: «Әбден күттім сендерді, ақыры келдіңдер!..».
Өзінің айтуынша, бір айдан астам уақыттан бері ұйқыдан айырылған. Түнімен әлдебір дауыс маза бермейді екен. Алғаш телефон арқылы сөйлескен қызды тауып, сонымен бірге болуды ойлапты. Егер оған көнбесе, өлтіргісі келген. Ол – өзі балталап өлтірген А.Ердінбекованың қызы еді.
-
Тақырыпқа орай: Маньяктар. Шымкенттік Чикатило
Қылмыс желісі мынадай: 2009 жылы 29 тамызда Е.Молбаев әдеттегі бағыты бойынша жүгіруге шығады. Қарабұлақ ауылына бұрылатын тас жолдың бойынан қара жолға түсе берісте артынан «Мазда» келіп, сигнал басқан. Молбаев жол бермегендіктен, көлік иесі оны қаға-соға өтеді. Көлікте Тәңірберген Базаубақов пен Ақмарал Ердінбекова бар еді. Көлік иесі мұны боқтайды, бұл да жауап қайтарады.

«Мазда» біршама жер жүрген соң ағаш арасына барып тоқтайды. Молбаевтың да бағыты солай еді. Жақындағанда көліктегі екеудің тыр жалаңаш екенін байқаған. Мұны көріп қалған таксист ұятты іске куә болған бұған тұра ұмтылады. Іздегенге – сұраған, Молбаев оны бір ұрып құлатады. Былай шығып, өзенге қолын жуып жатқанда Базаубақов машинадан балта алып, тағы да жүгіреді. Осы сәтте әлденеге шалынып, балтасы ұшып кеткен.
Балтаны алған Молбаев тағы ұмтылған қарсыласының басына бір-ақ қадайды. Ердынбекова мұның бәрін көлікте көріп отырған.
Не болғанын түсінген ол жалаңаш күйде көліктен атып шығып, Молбаевты төмпештей бастапты. Қанішер де қарап қалмай, қарсы соққы жұмсағанымен, қауқарлы келіншекті құлата алмайды. Осы сәтте балта есіне түсіп, Тәңірбергеннің басында қадалып жатқан балтаны ала салып, әйелдің басынан бірнеше рет ұрады.
Есін жиған қанішер не істегенін түсініп, жансыз денелерді көліктің артқы орындығына салады. Балтаны да сонда тастайды. Сосын ізін барынша жасырып, қылмыс орнынан кетіп қалады.
-
Тақырыпқа орай: Маньяктар. Жындыхананың адамжегіштері
Үйіне келіп, қан жұққан киімдерді тастағаннан кейін де ұйықтай алмапты. Түннің бір уағында қылмыс орнына тағы барады. Ондағы ойы – өлі денелерден құтылу. Алайда ескі «Мазда» оталмай қойған. Көлікті әупірімдеп оталдырып, қара жолмен 50 шақырым жүреді.

Көрер көзден ықтау жерді тауып, алдымен таксистің денесін апарып көмеді. Одан кейін әйелге келгенде ол аяқ астынан көзін ашып алып, қатты ауырсынғаннан шыңғыра бастайды. Өлтірмеуді сұраудан пайда жоқ екенін түсінген әйел қанішерді тілі жеткенше қарғап баққан. Көзіне қан құйылған қылмыскер балтаны алып, әйелдің басынан соққылай беріпті.
Мұнымен де тоқтамай, көліктен өтпейтін ескі пышақ тауып алып, әйелдің емшегін кесіп алып капотқа тастайды, одан кейін үрпісін де кесіп алады. Содан соң өлі денелерді таспен бастырып кетеді.
Сөйтеді де, алғаш таксисті өлтірген жерге келеді. Осы кезде қарны ашқанын сезеді. Түртінектеп жүріп көліктен аузы ашылған чипсы, нан тауып алады. Аз-кем жүрек жалғаған соң, марқұмдардың жеке заттарын ақтарып, бірнеше мың теңге ұялы телефондарды алады. Жолай телефонды лақтырып, бұдан соң жоғарыда баяндалғандай, күн сайын сол маңнан жүгіріп өткенде кім хабарласқанын білу үшін телефонды құлағына тосады екен. Одан кейін алғашқы махаббаты есіні түсіп, әлгі телефоннан хабарласып, хат жазған. Міне, осы әрекеті оның қанқұйлы қылмысын әшкере етті.
Қылмыс жасағанда 27 жаста болған Е.Молбаевты сот-медициналық сараптама «ақыл-есі дұрыс» деп тапты. 2011 жылы сот талдықорғандық қанішерге 23 жыл жаза кесіп, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеу туралы үкім шығарды.
Асқар Жалдиновтың «Вне протокола. Тайны громких преступлений в Казахстане» кітабынан.