Референдум Референдум
USD
USD
USD

«Маңқа қыз» жыл адамы атанды

«Жыл адамы-2019» атағы биыл ешкім күтпеген жасөспірімге берілді. Time журналы биыл бұл атаққа шведтің оқушы қызы Грета Тунберг лайық деп тапты.

«Маңқа қыз» жыл адамы атанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Климаттық өзгерістерге қарсы күресіп жүрген белсенді жасөспірім Грета Тунбергті «Жыл адамы-2019» атағына лайық деп таптық. Осылайша, 92 жылдық тарихымызда ең жас «жыл адамы» Грета болды» деді журналдың бас редакторы.

 Грета Тунбергті ең танымал жасөспірім деуге болады. Ол он бес жасында-ақ швед парламентінің алдында митингі өткізіп, климаттық өзгерістерге қарсы күреске шақырған.

Биыл күзде БҰҰ саммитінде сөз сөйлеп, әлемді аузына қаратты. Бразилия президенті Жаир Болсонаруды «Амазониядағы жергілікті тұрғындарды құртып жібергені үшін» айыптады. Ал Болсонару Гретта туралы былай деген: «Греттаның айтуынша, үндістер Амазонияның ормандарын қорғаймыз деп қырылып жатқан көрінеді. Маңқа қыздың сөзіне прессаның неге сонша мән беретіні ақылға қонбайды».

Міне, Бразилия президенті «маңқа қыз» атаған Гретта Тунберг «Жыл адамы» атанды.  

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз