Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Маңғыстай облысында мектеп оқушысын алабай талап тастады

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында жасөспірімді ит талап кетті.

Алабай
Фото: Видео-скрин

Алматы, NEGE.15 жастағы бала қазір ауруханада жатыр. Оқиға Ақшұқыр ауылында болған.

Желіде тараған мәлімет бойынша, бала сынып жетекшісіне ата-анам келіп тұр деп ерте шығып кеткен. Ол такси күтіп тұрғанда оған алабай шапқан. Ит оқушының екі қолын тістеп тастаған. Ол кезде баланың жанында ешкім болмаған. Ес-түссіз жатқан баланы жолдан өтіп бара жатқан көлік жүргізушісі тапқан.

Дәрігерлер оқушының жағдайын тұрақты деп бағалап отыр.

«Ит шынтақтан төмен жағынан тістеген. Бала ит шапқан кезде қолымен қорғанған. Сол үшін тек қол аймағын тістеп тастаған. Ал қалған жерi сау. Дәрі-дәрмек беріліп, антибактериялдық және құтырмаға қарсы вакцина салынды», – дейді Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігері Нұрсұлтан Нұрымов.

Полиция қызметкерлері жедел түрде иттің иесін анықтаған. Иттің иесіне қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 407-бабы «Жануарларды ұстау ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазір оқып жатыр

Министрлік мектеп формасына қойылатын жаңа талаптарды түсіндірді

оқушылар

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы