USD
USD
USD

Маңғыстаулықтар күзетшіні ұрды деген аудан әкімін қолдап, ереуілге шықты

Шетпе кентінде Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетовті қолдаған көпшілік алаңға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстаулықтар күзетшіні ұрды деген аудан әкімін қолдап, ереуілге шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Олар аудан әкімін орнынан алмауды талап етуде. Егер шенеунікті қызметінен босатар болса, облыс орталығына барып наразылыққа шығуға дайын екендерін жеткізді. Осылайша шенеуніктің аудан дамуы үшін атқарып жатқан жұмыстарына риза екендерін айтуда. Әлеуметтік желілерде де үш күннен бері қызу талқылау жүріп жатыр. Кейбіреулер әкім мемлекеттік қызметкердің этикасын бұзды десе, көпшілігі жағдайды толық зерттеу қажет, бұл жергілікті кадрларды құртуға арналған тактика деп шулауда.

Халықтың осылайша толқуына кейбір ақпарат көздерінде, қазіргі аудан әкімі қызметінен босатылады деген жаңалықтың таралуы себеп.

Айта кетейік, Маңғыстау ауданы әкімі Тілек Көшмағанбетовтің Ақтауда 17 шағын ауданда элиталық үйлердің бірінің күзетшісін ұрып-соғып, жанжал болған видеосы тараған болатын. Әлеуметтік желі қолданушылары мен қоғам белсенділері бейнежазбадағы азамат аудан әкімі емес деп, таспаны терең зерттеп, толық нұсқасын қаруды талап етті. Кейбір нұсқаларда бұл облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың орынбасарларының бірі екендігі айтылды. Ал, Маңғыстау облысының әкімдігі орынбасарларға қатысты ақпаратты жоққа шығарды. Қазір бұл жағдай бойынша қызметтік тексеріс басталды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу

Аида Балаева Президентке халықтың тұрмыс сапасы жөнінде есеп берді

Тоқаев, Балаева

Алматыда заңгер Әділетхан Молдаханның сотында журналистерді сыртынан қамап қойған

Әділетхан Молдахан

Блогер Шайхтың миллион теңгеге сатылған бизнес-турлары тексеріліп жатыр

Еркежан Шайхиева