USD
USD
USD

Маңғыстаулық тұрғыннан есірткі мен бірнеше келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Маңғыстаулық тұрғыннан есірткі мен бірнеше келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Маңғыстаулық тұрғыннан есірткі мен бірнеше келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGEV. 16 мамыр Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері кинолог мамандармен бірлесіп, қызметтік-іздестіру иттерін қолдану арқылы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенін өткізу барысында Ақтау қаласының 46 жастағы тұрғынын ұстады. Ол - Мұнайлы ауданындағы өнеркәсіптік базада контейнер ішінде құрамында есірткі бар марихуана өсімдігін өсіру бойынша фитонарколабораторияны ұйымдастыру бойынша күдікке ілінді.

Контейнерді тінту кезінде 17 бұта, екі банка, екі байлам және 41 қорап марихуана тәркіленді. Тәркіленген марихуананың жалпы салмағы 351 гр.

Ақтау қаласының аумағында тұрақты тұрғылықты жерін тінту барысында азаматтан 3 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Барлық алынған заттар бойынша сараптама тағайындалды.

ҚР ҚК 300-бабы 1-бөлігі, 339-бабы 1-бөлігі бойынша Мұнайлы ауданының полиция бөлімінің СДТБТ-де тіркелді. 

Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында мұнай компаниясына 1,4 млрд теңгеден астам айыппұл салынды

айыппұл салынған компания

«Кітап оқитын ұлт» жобасына миллионнан астам қазақстандық қосылды

"Кітап оқитын ұлт" жобасы

Әр адамға кемінде 15 шаршы метр: Алматыда тіркеу бойынша жаңа шектеу енгізілді

тұрғын үйге тіркеу

25 қыркүйекте Қазақстан-Қытай шекарасындағы автокөлік өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу пункті