USD
USD
USD

Маңғыстаулық тұрғындардан 94 келі бекіре тәркіленді

24 маусым түнгі сағат 3:00 шамасында ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында ақ түсті Volvo ХС90 автокөлігі тоқтатылды.

Маңғыстаулық тұрғындардан 94 келі бекіре тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көліктің жүк салғышынан 94 келі 600 грамм болатын 17 дана заңсыз ауланған бекіре тұқымдас балық тәркіленді.

24 және 25 жастағы күдіктілер  ұсталды. ҚР ҚК 339-бабы бойынша ПД сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді.

Тәркіленген балық “Kazakh Osseter” ЖШС мекемесіне тапсырылды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы негізінде тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда темір жол өткеліне шығып кеткен жүк көлігі тепловозбен соқтығысты

Тепловоз бен жүк көлігі

Тоқаев Qarmet ұжымының ұйымшылдығы мен еңбегін жоғары бағалады

.

Алматыдағы Dostyk Plaza сауда орталығында дабыл қағылып, келушілер сыртқа шығарылды

Dostyk Plaza

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік