USD
USD
USD

Маңғыстауда жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97%-ы жақсы күйде

Маңғыстау облысы – тиімді географиялық орналасуының арқасында көлік қозғалысының барлық түрі дамыған өңір. Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарының 97 пайызы жақсы күйде, бұл – республика бойынша жоғары көрсеткіш.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

2025-2026 жылдары өңірде жалпы ұзындығы 491 шақырым болатын 16 жоба аясында құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты арқылы жүк тасымалы биыл 20 пайызға өсіп, 2,5 млн тоннаға жетті.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Порттардың тиімді жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Құрық портында теңіз түбін тереңдету жұмыстары атқарылып, алдағы кезеңде Ақтау теңіз сауда порты акваториясында жалғасады.

Флотты дамыту аясында 2027 жылға дейін кемелер саны 6-ға дейін ұлғайтылып, биыл 7 мың тонналық «Nasipkali Marabayev» құрғақ жүк кемесі іске қосылды. Сонымен қатар Құрық пен Алят порттары арасында 2028 жылға дейін 6 паром кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі.

Инвесторларды тарту нәтижесінде 2026 жылы құны 300 млн АҚШ долларын құрайтын жаңа теңіз портының құрылысы (1-кезең) басталады. Сондай-ақ, «Ақтау – Қазақстанның батыс қақпасы» халықаралық сауда-логистикалық хабын құру жоспарланған. Осы жобалардың нәтижесінде 2030 жылға қарай порттардың өткізу қабілеті 60 млн тоннаға жетіп, 2 700 жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазір оқып жатыр

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай

Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы облысында қалай тойланады?

.