USD
USD
USD

Маңғыстаудағы мұнай-газ кәсіпорнында жоспардан тыс тексеріс басталды

Маңғыстау облысындағы Tenge Oil&Gas серіктестігіне қарасты қауіпті өндірістік нысандарда жоспардан тыс тексеріс жүріп жатыр. 

жоспардан тыс тексеру
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Тексерісті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасы жүргізуде. Бұл бақылау шаралары өндірістегі келеңсіз оқиғалардың алдын алуға және еңбек қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, кәсіпорында бұрын жүргізілген инспекция кезінде бірқатар кемшіліктер тіркелген. Қазіргі уақытта мамандар ұсынылған құжаттағы деректердің өндірістегі шынайы жағдайға сәйкестігін мұқият зерттеп жатыр.

«Компания басшылығының қауіпсіздік саласындағы ескертулерді қаншалықты сапалы орындағаны жан-жақты зерделенуде. Өңірдегі жер қойнауын пайдалану аймақтарының авариясыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселесі уәкілетті органдардың қатаң назарында тұр», – делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті хбарламасында.

Егер заңбұзушылықтар жойылмағаны анықталса, кінәлі тарапқа қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылданады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров

Үкімет жаңа шарттарды бекітті: енді жәрдемақыны кімдер ала алмайды?

Көпбалалы аналар