USD
USD
USD

Маңғыстауда газ ұңғымасынан шыққан апат зардабы толық жойылды

Төтенше жағдайлар министрлігі Маңғыстау облысындағы газ ұңғымасындағы апат жойылғанын мәлімдеді.

М
Фото: видеодан скрин

Алматы, NEGE. Ведомствоның мәліметінше, апатты жою үшін оқиға орнына төтенше жағдайлар департаменті күштері мен “Ақберен”, “Оңтүстік мұнай сервис”, Nobilis Corp және Varro Operating Group компанияларының мамандары тартылған.

– Оқиға орнында жедел штаб құрылып, онда апатты жою бойынша жұмыс жоспары жасалды. Ауаны газ аналитикалық аппаратурамен өлшей отырып, ұңғыма сағасының жай-күйі зерттелді, – делінген хабарламада.

Келген қызметкерлер мен мамандар құбыр кеңістігі арқылы ұңғыманы жабу жұмыстарын жүргізді. Крест превенторын бөлшектеп, ағып кетуді болдырмау және тығыздауды қамтамасыз ету үшін ұңғыманың кіреберісіне жаңа қорғаныс элементін орнатты.

Сондай-ақ ұңғымадан 60 метр қашықтықта өрт шыққан жағдайда су жинау үшін траншеяны қазу жұмыстары жүргізілді.

Зардап шеккендер жоқ екені нақтыланды. Апаттың себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, 6 маусым күні Маңғыстау облысы Бейнеу ауданындағы “Толқын” кен орнында №57 ұңғымадан құбыр кеңістігі арқылы газ шыққан еді.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев