USD
USD
USD

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында нөсер жауыннан кейін 85 үйдің ауласын су басқан.

су басу
Фото: Бейнеу ауданы әкімдігі

Астана, NEGE. Аудан әкімдігі су басу салдарын жою және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тиісті мекемелер күшейтілген режимде жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлады. Арнайы техникалардың көмегімен 7 мың текше метрден астам су шығарылған.

«Қазіргі уақытта су сору және қалпына келтіру жұмыстарына 25 арнайы техника мен 37 қызметкер жұмылдырылды. Жұмыс тәулік бойы үздіксіз жүргізіліп жатыр», – делінген ресми ақпаратта.

Сондай-ақ ведомство өкілдері туындаған мәселелерге жедел әрекет ету үшін арнайы байланыс желісі іске қосылғанын атап өтті. 

Айта кетейік, бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі 3-5 шілде аралығында Алматы, Жамбыл және Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында көшкін жүруі және сел қаупі бар екенін ескертті.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев