USD
USD
USD

Маңғыстаудағы әскери қызметшілер қазасы: Қанат Бозымбаев Ақтауға ұшты

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілер қаза тапқан оқиға орнына бара жатыр. Үкімет басшысы Олжас Бектенов оның басшылығымен құрылған Үкіметтік комиссияға қайғылы оқиғаның себептерін жан-жақты анықтауды тапсырды.

Қанат Бозымбаев
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Бүгін Маңғыстау облысының Каспий теңізі жағалауында оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт нашарлап, жел күшейген. Салдарынан әскери қызметші 19 әскери қызметші теңізге кеткен. 

Қорғаныс министрлігінің ресми мәлімдемесіне сәйкес, үш әскери қызметші құтқарылып, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды. Тоғыз әскери қызметші оқиға орнында қаза тапты. 

Оқиғаға байланысты премьер-министрдің өкімімен Маңғыстау облысында Үкіметтік комиссия құрылды. Оның құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Төтенше жағдайлар, Денсаулық сақтау және Көлік министрліктерінің басшылығы, бас әскери прокурор және Шекара қызметінің өкілдері кірді.

Премьер-министр Олжас Бектенов комиссия төрағасы Қанат Бозымбаевқа оқиға орнына дереу барып, әскери қызметшілердің қаза болу себептерін жан-жақты анықтауды тапсырды.

Сонымен қатар комиссия марқұмдардың отбасыларына қажетті көмек көрсету мәселесін де қарастырады.

Қазір оқып жатыр

Ермұрат Бәпи: «Мені сатқын деуге ешкімнің хақысы жоқ»

Decaf

«Таза Қазақстан»: «Әділет» партиясы жастардың азаматтық белсенділігін арттыруда

«Әділет» партиясының баспасөз қызметі

Астанада автосалон менеджері 53 млн теңгенің сегіз көлігін заңсыз сатып, қаржыны өз қалтасына басқан

Менеджер

Пәкістанда мектептің төбесі опырылып, 32 оқушы мен бір мұғалім қаза тапты

Оқиға орны