USD
USD
USD

Маңғыстауда жем-шөп тапшылығы болмайды

Маңғыстау облысының климаттық ерекшелігіне байланысты, тіпті қолайлы ауа райы жағдайында да өңірде қажетті мал азығының көлемі 10% ғана дайындалады.

Маңғыстауда жем-шөп тапшылығы болмайды
Фото: NEGE.kz

Қалған 90%-ы басқа өңірлерден тасымалданып, жеткізіледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Маңғыстау, NEGE. 2021-2022 жылдары өңірде болған қуаңшылыққа орай, мал азығы бағасын тұрақтандыру үшін бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлініп, жем-шөп халыққа қолжетімді төмен бағада сатылған еді.

Нәтижесінде, аймаққа 14,1 мың тонна шөп, 8,2 мың тонна жем әкелінді.

Ал биыл қысқы мезгілде мал азығымен толық қамтамасыз ету үшін төрт түліктің санына қарай 78 000 тонна шөп және 23 800 тонна жем қажет. Күні бүгінге 75,2 мың тонна шөп жиналды. Оның 12 мың тонна шөбі облыста шабылса, қалған 63 мың тоннасы өзге облыстардан тасымалданды.

Сонымен қатар 23,5 мың тонна жем әкелінді.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған