USD
USD
USD

Маңғыстауда жемқорлардан тәркіленген қаражатқа төрт мектеп салынып жатыр

Маңғыстау облысында жемқорлардан тәркіленген және білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына берілген қаражатқа төрт мектеп салынып жатыр, деп хабарлады Lada.kz.

Маңғыстауда жемқорлардан тәркіленген қаражатқа төрт мектеп салынып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Маңғыстау облысында үш ауысымды оқытуды жою, сондай-ақ оқушы орындарының тапшылығы проблемаларын шешу үшін төрт мектептің құрылысы жүріп жатыр.

"Ақтаудағы 19а шағын ауданында 1200 орындық мектеп, 18 шағын ауданда 1200 орындық мектеп салынады. Сондай-ақ Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы "Алау" тұрғын алабында 1200 орындық мектеп салынады. Осы аудандағы Қызылтөбе ауылдық округінде "Қызылтөбе-2" тұрғын алабында да 1200 орындық мектеп бой көтереді", - дейді Маңғыстау облысының білім басқармасындағылар.

Ведомство ақпаратынша, білім ошақтары 2024 жылы пайдалануға беріледі.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс