USD
USD
USD

Маңғыстауда жартастан құлаған көліктің жүргізушісі өлі табылды

Қызыл Өзен ауылының маңында қайғылы оқиға орын алды.

Маңғыстауда жартастан құлаған көліктің жүргізушісі өлі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 8 қыркүйек күні түнгі сағат 00:10-да Түпқараған аудандық полиция бөлімінің кезекші пультіне күйеуінің жоғалып кеткені туралы әйелі хабарлайды. Оның айтуынша, күйеуі үйден күндіз «Opel Vectra» автокөлігімен шығып кеткен.

Әйел онымен телефон арқылы сөйлескен, содан кейін күйеуі хабар-ошарсыз кеткен. Полиция қызметкерлері түні бойы аудан бойынша іздеу жүргізген. Келесі күні таңғы сағат 9:00 шамасында учаскелік полиция инспекторлары Қызыл-Өзен кентінде аталған автокөлікті табады. Белгілі болғандай, «Opel Vecrta» автокөлігі жартастан құлап кеткен.

Көлік салонында тек жүргізуші болған. Құлаған кездегі жарақат салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем

«Твардовский дом» панажайының иесі қаза тапты

Владимир Тепляков