USD
USD
USD

Маңғыстауда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны көбейді

Маңғыстау облысында соңғы тәулік бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны көбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Маңғыстауда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны көбейді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті. Оның айтуынша, 17 наурыз күні өңірдегі коронавирус инфекциясы бойынша репродуктивті көрсеткіш 1,05 құрады. Осыған дейін бұл көрсеткіш 0.6, 0.7 болған. «Өкінішке орай, осы күні арнайы көрсеткішіміз 1-ден асып тұр. Бұл, негізінен, тұрғындарымыздың бұрын-сонды індетті жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болуынан туындап отыр. Маңғыстау облысы «жасыл» аймақта болғанымен, коронавирус инфекциясы әлі кеткен жоқ. Қауіп бар. Сол себепті күнделікті санитарлық талаптарды ұстанып, әлеуметтік арақашықтықты сақтау қажет. Аса маңызды болмаса қоғамдық орындарға бармаған абзал», - деді Ғазиз Надуев.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер