USD
USD
USD

Маңғыстауда наразылыққа шыққан жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қалды

Маңғыстау облысында жалақы көтеруді талап еткен фельдшерлер жаппай жұмыссыз қалды. Жедел жәрдем қызметі тоқтап қалмас үшін орнына басқа адамдарды алып жатыр, деп хабарлайды КТК.

Маңғыстауда наразылыққа шыққан жедел жәрдем қызметкерлері жұмыссыз қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өйткені жедел жәрдем қызметкерлерінің бір аптаға созылған ереуілін сот заңсыз деп таныған. Сондықтан Жаңаөзен мен Мұнайлы ауданында 19 қызметкер жұмыстан босатылыпты. Әріптестерін қолдаған 25 фельдшер мен 13 көлік жүргізуші өз еркімен жұмыстан кетуге арыз жазған. Денсаулық сақтау басқармасындағылар оларға жұмысқа қайта оралуға мүмкіндік бердік дейді.

Алайда наразылар айтқан бетінен қайтпапты. Сондықтан бос орындарға жаңа қызметкерлер алынып жатыр. Осылайша тұралап қалған жедел жәрдем қызметі қайта жанданды дейді жауаптылар. Ал әкімдік жергілікті бюджеттен еңбекақыға үстемақы ретінде 236 миллион  қаржы бөлген.

Осы ақшаның есебінен жыл соңына дейін жүргізушілерге 90 мың, фельдшерлерге 40, санитарларға 30 мың теңгеден үстеме төленеді.

Қазір оқып жатыр

«75-тің хаты»: Қырғызстанда Қамшыбек Ташиевке шыққан үкім өзгертілді

Қамшыбек Ташиев

Шымкентте 39 жастағы ер адам көршісін балалардың көзінше өлімші етіп сабап, оқиға орнынан кетіп қалған

ұрлық

«Қазақстанға Алланың азабы керек»: желіде халқына қарғыс тілеген мұғалім кешірім сұрады

желіде пікір білдірген мұғалім кешірім сұрады

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам