USD
USD
USD

Маңғыстауда мұғалім бірінші сынып оқушысының шапалақпен ұрған

Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылындағы гимназияда дәлізде мұғалім жүгіріп келе жатқан бірінші сынып оқушысының бетінен ұрып жіберген, деп хабарлайды «Лада» басылымы.

Маңғыстауда мұғалім бірінші сынып оқушысының шапалақпен ұрған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бейнебақылау камерасынан түсірілген кадрларды оқушы қыздың анасы жариялады. Әйелдің айтуынша, оқиға 11 сәуірде болған.

Мектертегілер мұғалім оқушыны ұрмағанын, керісінше құлап бара жатқан оқушыны ұстап қалғанын айтады. 

Облыстағы білім сапасын қамтамасыз ету департаменті 12 сәуірде ұстазға қатаң сөгіс жарияланғанын, 14 сәуірде жұмыстан босатылғанын хабарлады.  Бірінші сынып оқушысының туыстары мұғалімнің кешірім де сұрамағанын атап өтті.

«Мұғалімнің қай бап бойынша жұмыстан босатылғаны белгісіз болғандықтан, бір жылдан кейін ол қайтадан бұрынғы орнына тағайындалып, балаларды оқытуды жалғастыра алады. Мұндай жағдайға жол бермеу керек, оны мұғалімдік қызметпен айналысу құқығынан айыру және бұдан былай бала оқытуға рұқсат бермеу керек», – деді қыздың анасы.

Ол шағыммен Білім және ғылым министрлігіне жүгінбек.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында 9 әскери қызметші суға кетіп қаза болды, тағы бірнеше адам іздестірілуде

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Астанадағы фельдшер қазасы: прокурор МИБ басшысының 2 жылға бас бостандығын шектеуді сұрады

прокурор Саяжан Серікова

Мәслихат депутаттары қайта сайланады: Тоқаев Жарлыққа қол қоятынын айтты

Қазақстан Халық Кеңесі

Тоқаев: Қандай да бір тілге қарсы күресу – Жаратқанға қарсы шығумен тең

Қасым-Жомарт Тоқаев