USD
USD
USD

Маңғыстауда қорық басшылығы «мемлекет қаржысын жымқырды» деген күдікке ілінді

Маңғыстау тарихи-мәдени қорығының лауазымды тұлғалары бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Маңғыстауда қорық басшылығы «мемлекет қаржысын жымқырды» деген күдікке ілінді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тергеу мәліметінше, аталған мекеме мен «Маңғыстау-реставрация» серіктестігі арасында «Ақмыш сайы» табиғи ескерткішін абаттандыруға қатысты келісімшарт жасалған. Алайда, қорық басшылығы орындалмаған жұмыс актілерін толтырып, қомақты қаржыны жеке компания шотына аударғаны анықталып отыр. Құзырлы орган қызметкерлері әлгі ескерткішті барып қараған соң күдіктілердің алдын ала сөз байласу арқылы мемлекет ақшасын қолды еткенін түсінген. Әсет Ізбасар, ҚР СЖҚІА Аймақтық департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі: - Қазіргі таңда департамент пен Маңғыстау тарихи-мәдени қорығы мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасуда. Процесуалдық шешім қабылданып, әрі қарай сәйкесінше сотқа жолданатын болады.
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға көлік әкелу тәртібі өзгереді: жеке тұлғаларға қандай талап қойылады?

atameken.kz

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер