USD
USD
USD

Маңғыстауда қоғамдық комиссия құрылды

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалға байланысты облыстық қоғамдық комиссия құрылды.

Маңғыстауда қоғамдық комиссия құрылды
Фото: NEGE.kz
 
Алматы, NEGE. «Қадірлі маңғыстаулықтар!
Сұйытылған газ бағасының Маңғыстауда күрт өсуіне байланысты халық наразылығын білдіруде. 
Ел өзінің уәжін билікке жеткізіп,талаптарының орындалуын сұрауда. Бұл, дұрыс деп есептейміз. 
Осы мәселеге байланысты Маңғыстаудың бірнеше азаматтары қоғамдық штаб ұйымдастырды. 
Штаб мүшелері осы ауылдың өзіміз танитын жігіттерінен құралып отыр. 
Әлеуметтік желілерден және тікелей телефонымызға Маңғыстаудың азаматтары шығып  осы іске араласуды сұрауда. 
Елдің бірлігі,халықтың тыныштығы, Маңғыстаудың амандығы барлығымыздың ортақ абыройымыз, ағайын!
Қоғамдық штабтың негізгі мақсаты - елдің талабын үкімет комиссиясына жеткізіп,сұйытылған мұнай-газ мәселесін шешуге атсалысу. 
Біз,осыған жұмыстанамыз!»
 
Жаңбыршин Еділ - ҚР Парламент мәжілісінің депутаты,
Мусабаев Самат - ҚР Парламент мәжілісінің депутаты,
Өрісбаев Аббат- Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты,
Сүгірбай Аят- Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаты,
Ерсайынұлы Уәйс - Ақтау қалалық мәслихатының депутаты,
Бимағамбет Әнуар - ақын, журналист,
Алмас Алтай - журналист.

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы Ақмолада өңірлерді дамыту бағдарламасын таныстырды

.

Daryn.online платформасына жүргізілген тексеру нәтижесінде әкімшілік іс қозғалды

дербес деректің таралуы

Алматы әкімдігінің туристік турнесіне 1 млрд теңгедей бюджет қаражаты жұмсалған

Алматы әкімді

Марқұм Ұлдананың күйеуі өтемақыны қайтаруға міндетті ме – Заңгер жауабы

дәрігер