USD
USD
USD

Маңғыстауда кеме жөндейтін зауыт салынады

Бүгін өңір басшысы Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен Маңғыстау облысын үдемелі индустриялды дамыту жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Бұл жайында облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстауда кеме жөндейтін зауыт салынады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жиында кеме жасау және кеме жөндеу саласындағы инвестициялық жоба қаралды. Атап айтқанда, жергілікті кәсіпкер теңіз айлағы бар кеме жасау және кеме жөндеу зауытының құрылысын жоспарлап отыр. Жаңа кәсіпорын 2025 жылы пайдалануға берілуі тиіс. Нысан Ақтау қаласы Өмірзақ ауылының аумағында салынады.

«Қазір көлемі жоғары тоннаж кемелері бар азаматтар жөндеу жұмыстарын Ресей, Әзірбайжан, Иран сияқты көршілес Каспий маңы елдерінде жүргізуге мәжбүр. Сондықтан біз аталған қызметті Маңғыстауда іске асырып, өңірдің бюджетін толықтыру мақсатында осы жұмысты қолға алғымыз келеді. Жоба аясында жылына жалпы сыйымдылығы 2000 тіркелімдік тоннаны құрайтын 9-10-нан астам кемеге жөндеу жүргізіліп, 2 жылда 1-2 кеме құрастыруды көздеп отырмыз. Қызмет біліктілік қоғамдастықтарының қадағалауымен халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады, – деді «Кеме жабдықтары және сервис» компаниясының бас директоры Дмитрий Донских.

Айта кетейік, зауыт толық іске қосылғаннан кейін 200-ге жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етеді. Үйлестіру кеңесінің мүшелері ұсынылған жобаны мақұлдады. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев жүзеге асырылатын жобаларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажетті қолдау көрсетілетінін айтты.

Жиын қорытындысы бойынша өңір басшысы жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырма жүктеді.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар