USD
USD
USD

Маңғыстауда ет бағасы неге қымбаттады?

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі ет бағасы туралы сұрақтарға жауап берді. 

Маңғыстауда ет бағасы неге қымбаттады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Ауа райына байланысты жағдайлар өсімге әсер еткен жоқ. Иә, бағаның өсуі бар. Бірақ жыл сайын дәстүрлі түрде Маңғыстау облысына ет Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарынан жеткізіледі. Яғни еттің басым бөлігі сол өңірлерден келеді», - деді аймақ басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуынша, биыл болған қуаңшылық пен ет бағасының қымбаттауы бір-бірімен байланысты емес.

«Жергілікті атқарушы органдар бағаны негізсіз өсірмеу үшін тұрақтандыру қорын құрды және қажет болған жағдайда интервенция жасайды. Бағаларға және бағаның негізсіз өсуіне күнделікті мониторинг жүргізіледі. Жедел шаралар да қабылдануда», - деді Нұрлан Ноғаев.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе