USD
USD
USD

Маңғыстауда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

11 маусым сағат 00:30 шамасында "Қарасора-2023" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Маңғыстау облысы ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 14 шағын аудан мекенжайы бойынша есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 29 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Маңғыстауда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тінту барысында күдіктіден 31,70 гр мефедрон бар 33 байлам тәркіленді. Автокөлік пен пәтерді тінту кезінде тағы 212 байлам мефедрон тәркіленді. Сонымен қатар құрамында псилоцибин бар 5 байлам галлюциногенді саңырауқұлақтар табылды. Күдікті есірткіні жасырған тағы бір орынды өз еркімен көрсетіп, ол жерден де 532,34 гр мефедрон тәркіленді.

Барлығы 768,38 гр мефедрон және 165,43 гр псилоцибин тәркіленді.

ҚР ҚК 297-бабы 3-бөлігі бойынша ПД СДТБТ-де тіркелді. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ташкентте Қарағандыдан барған 15 жас футболшы астан уланды деген күдікпен ауруханаға түсті

Ташкентте ауруханаға түскен жасөспірім

Жұманғарин Алматыдан бизнестің жаппай көшу қаупін жоққа шығарды

салық

«Жалынып, жылауға дейін бардым»: Ақтауда дәрігерге тап берген ер адам өз шындығын айтты

Шанжархан

Нью-Йорк көшелерінде Қазақстанның көк туы желбіреді

Шеруге қатысушылар