USD
USD
USD

Маңғыстауда екі қала мен төрт ауылды су басты 

8 мамырға қараған түні жауған толассыз жаңбырдан Ақтау мен Жаңаөзен қалаларын, сонымен бірге төрт елді мекен – Бостан, Сенек, Құрық және Шетпе ауылдарын су басты, деп хабарлайды

Маңғыстауда екі қала мен төрт ауылды су басты 
Фото: NEGE.kz

Lada.kz.

Маңғыстау, NEGE. Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Бекболат Әбдіқадыровтың айтуынша, Ақтауда он бір көшені су басқан. Сәйкесінше 12 420 текше метр су. Жұмыс жалғасып жатыр.

Жаңаөзен қаласында 88 тұрғын үй (оның ішінде 35-і су сорылды), 43 аула (оның 28-і су сорылды), 27 көше (оның 20-сы су сорылды), үш мектеп пен бір балабақшаның (оның ішінде үшеуі сорылды) жертөлелері зақымданды. Инертті материалдары бар 130-дан астам қап төселді. 17300 текше метр су сорылды. Қазір жұмыс жалғасып жатыр.

Жаңаөзенде электр қуаты үзілді, жеке сектордың 60 абоненті жарықсыз қалды. ТЖД қызметкерлері 19 адамды эвакуациялады, оның 9-ы туыстарының үйіне орналасты. Жаңаөзен қаласы әкімдігінде штаб құрылды.

Қарақия ауданы, Бостан ауылында бес тұрғын үй мен «Тұрмыс-сервис» ММ-нің сорғы стансасын су басқан. Су толығымен сорылды (950 текше метр).

Қарақия ауданы Сенек ауылында 23 тұрғын үйді, 25 ауланы және спорт мектебінің жертөлесін су басқан. 700-ден астам қап төселді. Су толығымен сорылды (980 текше метр).

Қарақия ауданы Құрық ауылында Құрық-Жетібай жол учаскесінің төртінші шақырымындағы жаңбыр суы коллекторынан суды сору жүргізіліп жатыр. Су толығымен сорылады (100 текше метр).

Шетпе ауылында екі үй мен тоғыз ауланы су басқан. Су толығымен сорылды (16 текше метр).

Салдарын жоюға барлығы ТЖД-ның 81 қызметкері, 19 техника мен 21 мотопомпа жұмылдырылған. Жергілікті атқарушы орган 138 қызметкер, 46 техника және бес мотопомпамен қамтамасыз етті. Сонымен бірге 85 волонтер көмекке келді.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич