USD
USD
USD

Маңғыстауда арқар атқан браконьерлер ұсталды

Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енгізілген арқарды атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.

Маңғыстауда арқар атқан браконьерлер ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 29 қарашада Қызылсай табиғи паркі мен «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалының мамандары Бөрібас жерінде кезекті рейд жүргізген. 

Іс-шара барысында Nissan Patrol автокөлігімен Жаңаөзен қаласының тұрғындары ұсталған. 

- Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан Қызыл Кітапқа енген бір арқар табылды. Сондай-ақ 26 оғымен 1 аңшы мылтығы және 2 аңшы пышағы тәркіленді, - деді «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалының басшысы Жұлдызбек Есенғалиев. 

Аталған дерек Маңғыстау аудандық Полиция бөліміне хабарланып, тіркелген. 

- Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп мәлім етті Маңғыстау аудандық полиция бөлімінен. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар