USD
USD
USD

Маңғыстауда Амал мерекесі атап өтілді

Биылғы мерекелік шара Маңғыстау облысының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық карантин талаптары сақтала отырып, шағын топпен өткізілді. Шараға Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов, өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты, - деп хабарлайды inbusiness.kz

Маңғыстауда Амал мерекесі атап өтілді
Фото: NEGE.kz

Маңғыстау, NEGE. Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сүйене отырып. Бірлік пен ізгіліктің, тұрақтылық пен татулықтың белгісіне айналған Бірлік отын жағу рәсімінде өңір басшысы аталмыш мейрамның мән-мағынасына тоқталып, жиналғандарды Амал мерекесімен құттықтады.

«Былтыр әлемді шарпыған қауіпті індеттің өршуінен дәстүрге айналған «Бірлік отын» жағуға мүмкіндік болмады. Халықтың амандығы мен саулығы басты назарға алынды. Елді бірлікке шақыратын, ортақ мүддеге ұйыстыратын жақсы дәстүр үзіліп қалмас үшін биыл барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, шектеулі адаммен «Бірлік Отын» тұтатқалы отырмыз. Бұл - Халқымыздың бостандыққа, Еліміздің Егемендіке жету жолында жанын қиған бабалар рухына тағзым. Тәуелсіз Қазақстанның бірлігінің символы! Ежелден жаңарту мен жасампаздықтың бастауы, елдік пен бірліктің, ырыс пен берекенің арқауы болған Амал қажырлы еңбектеріңізге толағай табыс әкелсін!» - деді С.Трұмов.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер